
Республика күніне қарсаныңда «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК «Мен, сен, ол, біз – дені сау елміз!»
06.12.2025
«Туған өлкеңді сүй, тани біл!» апталығы басталды
08.12.20252025 жылғы 31 қазанда «Таңшолпан»бөбекжайы» КМҚК -да құзыреттілік орталығының аудандық әдістемелік семинар-практикумы «Ойын технологиялары – бөбекжай тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларының бастамашылдығы мен дербестігін дамыту құралы ретінде» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар-практикум өтті. Іс-шара бөбекжай мен мектеп арасындағы сабақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.
Семинарды ,«Таңшолпан»бөбекжайы» КМҚК директоры Геренг С.В. және
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп – гимназиясы» КММ директоры Н.Ф. Абушова ашты.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби өсуіне жағдай жасау, балалардың бастамашылдығы мен дербестігін дамытуға ықпал ететін ойын технологияларын меңгеру және тәжірибеге енгізу.
Семинар барысында қатысушылар ойын әрекетін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен танысып, ересек адамның баланың бастамасын қолдау барысындағы рөлін, сондай-ақ ойын ортасының тәрбиеленушінің дербестігін қалыптастыруға әсерін талқылады.
«Таңшолпан»бөбекжайы» КМҚК мен « Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп -гимназиясы» КММ педагогтері шеберлік сабақтарын өткізіп, мектепке дейінгі және бастауыш жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай әзірленген авторлық ойын әдістері мен дидактикалық ойындарын ұсынды.
Семинар тәжірибе, идея және тиімді әдістемелермен алмасуға арналған нәтижелі алаңға айналды.
Қатысушылар ойын технологияларының баланың оқу-тәрбие үдерісіндегі белсенді ұстанымын қалыптастыруда маңызды құрал екенін атап өтті.



















