
«Таңшолпан» бөбекжайындағы көңілді күз мерекесі
06.12.2025
Ойын технологиялары бойынша аудандық семинар-практикум өтті
08.12.2025Республика күніне қарсаныңда "Таңшолпан» бөбекжайы" КМҚК «Мен, сен, ол, біз – дені сау елміз!» тақырыбында жарқын әрі мазмұнды спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің спортқа және салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру, дене қабілеттерін дамыту, сондай-ақ патриоттық сезім мен мемлекеттік мерекелерге деген құрметті қалыптастыру болып табылады. Балалар белсенді түрде көңілді эстафеталарға, командалық ойындар мен шапшаңдық, ептілік және үйлесімділікке бағытталған түрлі жарыстарға қатысты. Командалар өзара қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынас, жеңіске деген жігер мен ұйымшылдық танытты.
Сайысқа ерекше ұлттық сипат беріп, мерекелік безендірілген зал мен шырқалған қазақстандық әуендер ұйымдастырылған іс-шараның атмосферасын айшықтай түсті. Аталған іс-шара бүлдіршіндердің физикалық дамуына оң ықпал етіп қана қоймай, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтып, мемлекеттік мерекелерге деген құрмет сезімін қалыптастыруға септігін тигізді.









