
Мендегі көшбасшылық
19.06.2025
Күзгі күнтізбеде жүректің терең алғыс сезіміне бөленетін
28.06.2025Тіл — ұлт жүрегінің бір бөлшегі. Тіл қандай ұлтта болмасын әрқашанда қасиетті де құдіретті. Ол әрбір адамға ананың ақ сүтімен дарып, мәңгілік қалыптасады. Қандай мәдениет болмасын қатынас құралы ретінде де, ұлттың барша болмысы көрінген келбеті ретінде де тіл арқылы жасалған. Тіл арқылы өмір сүреді, ұрпақтан ұрпаққа, заманнан заманға жетіп, ұлттық тұтастықты сақтайды. Сондықтан да тіл адастырмас темірқазық іспеттес. Туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті насихаттау, өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін дамыту мақсатында «Тілдер күніне» орай «Таңшолпан» бөбекжайында мерекелік іс-шара өтті.






