
Аудандық конференцияны ұйымдастыру және өткізу
19.06.2025
Тіл — ұлт жүрегінің бір бөлшегі
28.06.2025«Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК құзыреттілік орталығында «Мендегі көшбасшылық» атты конференция өтті. Іс-шараның мақсаты — қатысушыларды белсенді өмірлік және кәсіби ұстанымға шабыттандыру, өздерінің күшті тұстарын түсінуге көмектесу және көшбасшылық қасиеттерін білім беру ортасында қолдануды үйрету.
«Мендегі көшбасшылық» — бұл жай ғана тақырып емес, бұл өзін-өзі жүзеге асыруға, жаңа көкжиектерді ашуға, кәсіби және тұлғалық қалыптасуға апарар жол. Бұл — өзін-өзі тануға, кәсіби өсуге және тәжірибе алмасуға арналған кеңістік, педагогтер мен өз бойынан көшбасшылық әлеуетті ашуға ұмтылатын жас мамандарды біріктіретін алаң.














