
«Туған өлкеңді сүй, тани біл!» апталығы басталды
08.12.2025
«OQUTIME» коммуникативтік сауаттылық апталығы бастау алды.
09.12.2025КМҚК «Таңшолпан» бөбекжайы" КМҚК «Туған өлкеме арнаймын» тақырыбында тарихи функционалдық сауаттылық апталығы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттыру, мәдени дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және кіші отаны туралы білімдерін кеңейту.
Апта бойы балалар әртүрлі танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерге қатысты: суреттер мен карталарды қарап, тәрбиешілердің туған қала мен танымал жерлестер жайлы әңгімелерін тыңдап, «Менің Отаным» тақырыбында ұжымдық аппликациялар мен суреттер жасап, мақал-мәтелдер мен өлеңдер оқып, халықтың ұлттық белгілері мен киімдерімен танысты.
Атқарылған жұмыс мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін және өзін Қазақстан халқының бір мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыруға ықпал етті.











