
Қарттар күні – мейірім мен құрмет мерекесі
06.12.2025
Республика күніне қарсаныңда «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК «Мен, сен, ол, біз – дені сау елміз!»
06.12.2025Күз – табиғат түрленіп, балабақшада қызықты жаңалықтар мен шығармашылыққа толы сәттер басталатын ғажайып мезгіл. «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК -да күз нағыз мерекеге айналды!
Балалар табиғаттағы өзгерістерді бақылады, күзгі ағаштардың сұлулығын байқап үйренді, жапырақтар жинады, ата-аналарымен бірге табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын жасап, күзгі көріністер салды. Тәрбиешілер танымдық әңгімелер, тақырыптық сабақтар және серуен кезінде көңілді ойындар өткізді. Балалар жапырақтардың неге түсін өзгерткенін, жануарлардың қысты қалай қарсы алатынын және күзгі аспанның ерекшелігін білді.
Ең жарқын сәт – балалардың өлең оқып, ән айтып, би билеп, Күз аруын қарсы алып, табиғаттың сыйларынан дәм татқан күзгі мереке болды.
Балабақшадағы күз – бұл жылулық пен жайлылықтың, шабыт пен қуаныштың уақыты, әрбір күн жаңа әсерлер мен табиғатпен етене араласудан туатын шаттыққа толы.














