
Қараша
25.11.2025
«Тілдер күніне» орай «Таңшолпан» бөбекжайында «Тіл — татулықтың тірегі» мерекелік іс-шара өткізілді.
04.12.2025Олардың мақсаты – отбасы мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың тәрбиесі мен дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды.
Жиналыс барысында балалардың бейімделуі, күн тәртібі, білім беру үдерісін ұйымдастыру, ата-аналардың топ пен ясли-бақша өміріне қатысуы сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды. Тәрбиешілер тәрбиеленушілердің дамуына жүргізілген бақылау нәтижелерін ұсынып, жетістіктерімен бөлісті және алдағы уақытқа арналған жоспарларымен таныстырды.
Ерекше көңіл қауіпсіздік, денсаулықты сақтау және мектеп жасына дейінгі балалардың дербестік дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне бөлінді. Ата-аналарға тәжірибелік ұсыныстар беріліп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Ата-аналар жиналыстары сенім мен өзара түсіністік жағдайында өтті. Мұндай кездесулер әрбір баланың мүддесі үшін педагогтер мен ата-аналардың тиімді ынтымақтастығын қалыптастыруға ықпал етеді.






